Әскери қызметкерлері арасында ақпараттық – түсіндіру жұмыстары

Сәрсенбі, 13 Маусым 2018 17:06

«Қазақстан Республикасында діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2018-2022 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаның» ережелерін іке асыру мақсатында ШҚО Дін мәселелерін зерттеу орталығының мамандары «Қазақстан Республикасының дін саласындағы мемлекеттік саясаты», «Теріс ағымдарды әскери ортаға еңгізбеу жолдары» тақырыбында Шығыс Қазақстан облысының әскери бөлімдерінде (№№5518, 3477, 6699, 36803, 28738,  63310,44736, 5511, 32355,35411,36803,28738,54770,7616,64835,02352,41446,15701, 16443,36376,10810, 54770, 32388, 47793, 83205, 97616, 2017, 32355-К, 2098, 2535 т.б.) әскер қатарына жаңадан шақырылған сарбаздармен кездесулер өткізді. Кездесулердің негізгі мақсаты, ол әскери сарбаздарға Қазақстандағы Исламдық және Христиандық діни бағыттағы жат ағымдар жайлы ақпарат беріп, олардың қоғамға, дәстүрге, ұлттық құндылықтарға қауіптілігі туралы ойды жеткізу. Қазақ елінің ежелден келе жатқан тарихы мен салт-дәстүрлерінен мағлұматтар беріп, Отанға деген патриоттық сезімдерін дамыту.

Дәріс барысында сарбаздармен диалог орнатылып, олардың пікірлерін ортаға салуына, өз ойларын еркін түрде жеткізуіне мүмкіндік жасалды. Дәрістердің ойдағыдай өтуі сарбаздардың белсенді қатысып отырғанынан байқауға болады. Дәріс соңында ұйымдастырушылар сарбаздардың тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді.