Семей қаласының әлеуметтік бағдарламаларды іске асырудағы тәжірибесі өзгелерге үлгі

Жұма, 22 Маусым 2018 11:17

Бұл туралы мүмкіндіктері шектеулі азаматтардың құқығын қорғау бойынша сараптама жұмыс тобының 2018 жылғы 21 маусымда өткен отырысында топтың жетекшісі Ольга Кузовлева айтты. Семей қ. тұрғындардың қозғалысы шектеулі тобын қолдау аясында асырылып жатқан іс-шаралар облысымыздың басқа да қала мен аудандарына үлкен серпіліс беруі мүмкін.

- Біреудің келіп, бізде туындаған мәселелерді шешіп береді деп күтуіміз үлкен қателік. Мәселелерді шешудің түрлі жолдарын қарастыруды өзіміз бастауымыз керек, - деді өз сөзінде Ольга Григорьевна.
Отырыс барысында қатысушылар мүмкіндігі шектеулі азаматтардың кейбір санаттарының жұмысқа орналасу көрсеткішінің төмендігі, Өскемен қаласында мектепке дейінгі арнайы білім беру ұйымдарының жоқтығы, көруінде ауытқуы бар оқушыларға арналған арнайы оқулықтардың жоқтығы мәселелерін көтерді.
Соңғы мәселе бойынша, 2017 жылдан елімізде отандық оқулықтар басылып шығарыла бастағаны туралы хабарланды. Қазіргі таңда барлық арнайы мектептердің кітапханалары осы оқулықтармен толықтырылуда.
Сонымен қатар қалада 4 сыныпты аяқтаған, көруінде ауытқуы бар оқушылардың оқуын жалғастыратын білім ордасының жоқтығы туралы айтылды. Осындай оқушылардың білімін үзбей жалғастыру мақсатында қаладағы мектептердің бірінде арнайы сынып ашу ұсынылды.

Отырыс соңында сараптама жұмыс тобының мүшелері отырыс барысында көтерілген барлық мәселелерді шешуге бағытталған ұсынымдарды дайындап білім және денсаулық сақтау басқармаларына жолдайтынын хабарлады.