Қолдау қажет

Бейсенбі, 05 Шілде 2018 10:52

2018 жылғы 2 шілде күні Бесқарағай ауданының Достық үйінде Шығыс Қазақстан облысы Қоғамдық кеңесінің көшпелі отырысы өтті.

Іс-шараға облыстық Қоғамдық кеңестің жанындағы тұрақты даму және ӨСАБ сұрақтары бойынша сарапшылық жұмыс тобының жетекшісі Н.В. Сафонова, экология сұрақтары бойынша сарапшылық жұмыс тобының мүшесі А.А. Филиппов, аудандық қоғамдық кеңес мүшелері, жергілікті қауымдастық өкілдері, мемлекеттік қызметшілер және БАҚ өкілдері қатысты. 

Аталмыш іс-шара ШҚО ішкі саясат басқармасының «Қоғамдық кеңестердің қызметі арқылы аумақты басқаруға тұрғындарды тарту жолымен жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту» жобасының аясында ұйымдастырылып облысымыздағы қоғамдық кеңестердің өзара тәжірибемен бөлісуін көздейді.
Отырыс барысында қатысушыларға «Шығыс Қазақстан облысындағы Қоғамдық кеңестердің қызметі» әлеуметтік зерттеуінің қорытындылары, экология сұрақтары бойынша сарапшылық жұмыс тобының жұмысы және аудандық Қоғамдық кеңеспен 2017 – 2018 жылдың бірінші жарты жылдығында атқарылған жұмысы туралы мәлімет берілді.
Отырыс барысында қазіргі таңда қоғамдық кеңестердің ҚР «Қоғамдық кеңестер туралы» заңында көрсетілген мүмкіндіктері мен әлеуетін асыруға толық мүмкіндіктері жоқтығы атап өтілді.
Қандай да бір материалдық қолдаудың, ұйымдастыру техникасы және азаматтардың өтініштерін қабылдауға арналған тұрақты орынның болмауы, қоғамдық кеңес мүшелерінің жергілікті билік органдарына тәуелді болуына әкеп соғады.
Талқылау барысында қатысушылар аудандық қоғамдық кеңестің 2017 жылғы атқарылған жұмысын қарастырып, келесі отырыстарда қарастырылатын сұрақтарды анықтады.