Өзекті мәселелер талқыланды

Бейсенбі, 05 Шілде 2018 12:05

Курчатов қаласында ШҚО Қоғамдық кеңестің көшпелі отырысы өтті. Іс-шараға қатысқан қалалық қоғамдық кеңес мүшелері, мемлекеттік орган өкілдері, БАҚ және Өскеменнен келген қонақтар «Шығыс Қазақстан облысындағы Қоғамдық кеңестердің қызметі» әлеуметтік зерттеуінің қорытындыларын талқылап, экология сұрақтары бойынша сарапшылық жұмыс тобының жұмысы және Курчатов қ. Қоғамдық кеңесінің жұмысы туралы ақпаратты тыңдады.

Іс-шара ШҚО ішкі саясат басқармасының «Қоғамдық кеңестердің қызметі арқылы аумақты басқаруға тұрғындарды тарту жолымен жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту» жобасының аясында ұйымдастырылды. Бұл жоба тек шығыс өңіріне ғана тән бірегей жоба болып табылады және қоғамдық кеңестердің жұмысын қолдауға бағытталған.
Отырыс барысында, сонымен қатар, қаладағы көпшілік демалатын орындарды уақтылы тазарту, облыстық маңызы бар көлік жолдарының сапалы жөнделу сұрақтары қарастырылды. Іс-шараға қатысушылардың наразылығын тудырған мәселе Курчатов-Семей бағытындағы жолдың сапасы. Бұл бағытта күнделікті жолаушылар автобустары қатынауда және оларға 150 шақырымдық жолды 3,5 сағат жүруіне тура келеді дейді кеңес мүшелері.
Сонымен қатар, отырысқа қатысушылар тұрғындардың шешімдерді талқылау және шығару мәселелеріне қатысу деңгейін арттыру сұрақтарын қарастырды. Тұрақты даму және ӨСАБ бойынша сарапшылық жұмыс тобының жетекшісі, «Жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту орталығы» ҚҚ директоры Надежда Сафонова азаматтарды даму бағдарламаларын талқылауға тартудың түрлі тетіктерін қолдану қажеттілігін алға тартты. Цифрлық технологиялардың мүмкіндіктерін кеңінен пайдаланған жөн.