Өскемен қаласында сарапшылық жұмыс тобының мүшелері мүмкіндіктері шектеулі азаматтардың жұмыспен қамтамасыз етілу мәселесін талқылады.

Бейсенбі, 26 Шілде 2018 10:11

Шығыс Қазақстан облысының Қоғамдық кеңесі жанындағы мүмкіндіктері шектеулі азаматтардың құқықтарын қорғау сұрақтары бойынша сарапшылық жұмыс тобының қала аумағында мүгедек азаматтардың жұмыспен қамтылуы сұрақтарын қарастырды. Отырыс барысында «Өскемен қ. жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ басшысы Мәулихат Құсайынова Өскемен қаласы бойынша 147 кәсіпорын мүгедектерге жұмыс берілгені туралы мәлімет беретінін жеткізді.

Ағымдағы жылы мүгедектерге арналған арнаулы жұмыс орындарын жайластыру мақсатында мемлекеттік бағдарлама арқылы 5 млн. 161 мың тг. бөлінген болатын. Алайда бұл сома аталмыш іс-шараларды іске асыру үшін аздық етеді, себебі осы қаражат есебінен арнайы белгіленген Стандарт бойынша мұндай жұмыс орны пандустармен, кірер топпен, арнайы санитарлық тораптармен және арнаулы жұмыс орнымен қамтамасыз етілуі тиіс. Сол себепті жұмыспен қамту бөлімі осы қаражатты құрылып қойған жұмыс орындарына жұмсау туралы басшылыққа хат жолдаған болатын. Алайда бұл хат әлі де жауапсыз қалуда. Осыған орай Мәулихат Жақсылыққызы осы мәселені шешу мақсатында облыстық Қоғамдық кеңестен көмек сұрады. Өз тарапынан сарапшылық жұмыс тобының жетекшісі Ольга Кузовлева бұл сұрақты шешуге барынша көмек көрсететінін атап айтты.
Сонымен қатар отырыс барысында отырысқа қатысушылар мүмкіндіктері шектеулі азаматтар арасында жұмыс істеуге деген құштарлықтың жоқтығы, мүгедектер ұйымдары өнімінің мөлшерін ұлғайту мәселелерін талқылады. Қазіргі таңда ұмыт болған облыстық әкімдік және кәсіпорындар арасында мүмкіндіктері шектеулі азаматтарды кепілді жұмыс орындарымен қамтамасыз ету және олардың өнімдерін тікелей сатып алу туралы меморандум жасасу тәжірибесін қайта жандандыру туралы ұсыныс айтылды.
Іс-шара соңында барлық тараптардың 10 тамызға дейін өз ұсыныстарын сарапшылық жұмыс тобына жіберетіні туралы шешім қабылданды.