«МЕНІҢ ӨЛКЕМ – МЕНІҢ ШАБЫТЫМ» ОБЛЫСТЫҚ ФОРУМЫ

Сейсенбі, 28 Тамыз 2018 11:01

Шығыс Қазақстан – көптеген танымал қоғам қайраткерлерінің, жазушылар мен ақындардың отаны. Өлке тарихи, әдеби, этнографиялық құндылықтарға бай. Бұл – қазақ мәдениетінің ұлы тұлғалары дүниеге келген және өмір сүрген, әлемге әйгілі Абай, Шәкәрім және Мұхтар Әуезовты дүниеге әкелген қасиетті жер.

Өскелең ұрпақты туған өлкенің әдеби мұрасына араластыру, оқушылардың әдебиет саласындағы әдеби танымдық белсенділіктерін дамыту, оқу қабілеттері мен түсініктерінің мәдениетін қалыптастыру мақсатында 2018 жылдың 25 тамызы күні «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында «Менің өлкем – менің шабытым» облыстық форумы өткізілді.
Форум Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы, өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығының ұйымдастыруымен өтті.
Форумның білім модулі интерактивті әдістерге толы болды, атап айтсақ, тренингтар, шеберлік-сыныптар, TED конференциясы.
300-ден астам оқушы қатысқан форумда оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алып қана қоймай, болашақ тың жобаларымен, идеяларымен бөлісіп, спикер ретінде, көпшілік қауымға өздерінің авторлық шығармашылықтарын да ұсына білді.
TED конференцияда О. Бөкей атындағы орталықтандырылған кітапхана жүйесінің өлкетану бөлімінің қызметкері Ирина Борисовна Каланчина, С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің қазақ, орыс филологиясы және журналистика кафедрасының аға оқытушысы, филология магистрі Қарлығаш Түркістанқызы Барбосынова, «Вояж – Алтайский Казахстан» ЖШС-ның бас директоры, радиопеленгация және спорттық бағдарлаудың халықаралық дәрежедегі спорт шебері, спорттан жоғары дәрежелі Ұлттық төреші Ирина Валерьевна Щеглова, С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің қазақ, орыс филологиясы және журналистика кафедрасының аға оқытушысы Наталья Николаевна Будникова, Өскемен қаласындағы Шығыс Қазақстан облыстық драма театры Жастар театрының көркемдік жетекшісі Айдын Абзалбекұлы Салбанов спикер ретінде сөз сөйледі.
А. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапхана өкілдерінің Абай шығармашылығына арналған - «Біздің Абай» әдеби керуені көрмесі ұйымдастырылып, форумға қатысушы оқушылар үшін қазақ халқының мәдениетімен, тарихымен, ұлы ойшылдардың өмірі мен шығармашылықтарымен танысуға мүмкіндік туды.
О. Бөкей атындағы орталықтандырылған кітапхана жүйесі балаларға «ШҚО-ның 25 керемет жері. ШҚО-ның әңгімелері мен аңыздары» атты танымдық бағдарламасын ұсынды.
«Менің өлкем – менің шабытым» әдеби шығармашылық конкурс-фестивалінде оқушылар таңғаларлық және әсерлі көңіл күй сыйлады. Қойылым кезінде Абайдың, Шәкәрімнің өлеңдері айтылып және форум қатысушыларының авторлық шығармалары оқылды. Форумның жабылу салтанаты жарқын межелі болды. Сертификаттардың табысталуы, аз ғана болсын уақытта, бірақ ерекше есте қалар шақта тағы да достармен қайта кездесу, естелік фотосуреттерімен алмасу, бір-біріне жүрек жарды жылы лебіздерін арнаумен аяқталды.