Абайды оқытудың жаңа моделі ұсынылды

Дүйсенбі, 17 Қыркүйек 2018 10:36

Орта білім мектептерінде өзге ұлт өкілдеріне Абайды оқудың жаңа моделі ұсынылды. Аталмыш модельде жастар және ғылым ұғымдарына екпін жасалған.

Аталмыш модель төрт бөлімнен тұрады. Модельдерді атап өтетін болсақ:
1. Абай және кәсіп.
Абай қазақ қоғамын ерінбей еңбек етуге шақырғанын «Сабырсыз, арсыз, еріншек», «Өкінішті көп өмір кеткен өтіп», «Базарға қарап тұрсам әркім барар», «Адасқанның алды - жөн, арты - соқпақ» т.б өлеңдерінен көре аламыз. Ақын өзінің кейбір замандастарының бойындағы жаманшылық мінездерді — жалқаулықты, еңбексіздікті, көрсеқызарлықты, алтыбақан алауыздықты, надандықты жеріне жеткізе әшкерелейді. Кедейшіліктен құтылудың бір тәсілі егіншілікпен айналысу, қолөнер кәсібін және сауда-саттық жасауды үйрену екенін айтты.
2.Ғылым және жастар.
Ұлы ақын жас ұрпақты «Ғылым таппай мақтанба» өлеңінде имандылыққа, адамгершілікке, ғылым-білім үйренуге шақырды. Ақын жастарды өсектен, өтіріктен, мақтаншақтықтан, еріншектіктен, бекер мал шашпақтықтан қашық болуға, бес асыл іске — талап етуге, еңбекті сүюге, терең ойлай білуге, қанағатшыл болуға, қайырымды рақымшылық жасауға шақырды. Әрбір оқушының бойында айтылған қасиеттерді қалыптастыру біздің міндет. Ол үшін мектепте «Абайтану» факультативі, Абай оқулары, дөңгелек үстел, коучинг өткізіледі, мектеп ішін Абайдың ұлы сөздерімен безендіріп, Абай тақырыбына шығарма сайыстары өткізіліп отырады.
3.Тәрбие және қоғам.
Ұлы данамыз ел-жұрттың болашағын ойлап, халықты ауыр тұрмыстан, азаптан құтылудың жолын меңзеп, оқу–білімге шақырған. Адамның сол кездегі жаман қасиеттерінің бәрін санап, атап көрсетіп, содан арылуға, жақсылықты өн бойына жинауға, яғни тәрбиеге көп көңіл бөлген. «Бала жасынан ұядан нені білсе, ол өмірбойы қиядан соны таниды» деп Жүсіп Баласағұни айтқандай, білім мен ұғымдары бірегей отбасында тәлім–тәрбие де дұрыс болады. Бала тәрбиесінде ата-ана басты роль атқарады. Сол себепті, мектепте тәрбиеге қатысты ата-аналар жиналысы, сынып сағаттары, сыныптан тыс сабақтар өткізіледі.
4.Мектеп және Абай.
Абай жастардың бойындағы кеселді кемістіктерді, арсыздық пен ұятсыздықты, дөрекі надандықты тәрбие және білім беру арқылы жоюға үндеді. Ақын ол үшін қазақ балаларын оқытатын мектептерді көптеп салуды жақтады. Атап айтқанда, ол былай деп айтты: «Балаларды ата-аналарынан алып, мектепке беру керек, олардың біразын мамандықтың бір түрін, біразын басқа мамандықтарды игеруге бағыттау керек. Мектептерді көбейту қажет, оларда тіпті қыздар да оқитын болсын».[3] Ақынның сол кездегі арманы қазіргі заманда орындалып, мектептер салынып, көбеюде, болашақ жастарға барлық жағдай жасалған, бірақ кейбір аудандарда ,мәселен бір ғана Риддер қаласында 12 мектептің біреуі ғана қазақ мектебі. 2 мектепте жаңадан қазақ сыныптары көтеріліп келе жатыр.