Астана қаласында Шығыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтеді.

Сейсенбі, 18 Қыркүйек 2018 14:36

Астананың 20 жылдығы мерекесі аясында 2018 жылғы 29-30 қыркүйекте Шығыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің қатысуымен жәрмеңке өтеді.

Жәрмеңкенің өту уақыты сенбі және жексенбі күндері сағат 9:00ден -18:00 ге дейін.
Бағдарлама аясында облыстың ауылшаруашылығы тауарын өндірушілерінің қатысуымен ауылшаруашылығы жәрмеңкесін және көркемөнерпаздардың қатысуымен концерттік бағдарлама өткізу жоспарланған.
Облыстың ірі тамақ өңдеу кәсіпорындары және шаруа қожалыктары Астана қаласының тұрғындарына экологиялық таза жоғары дәрежедегі өнімдер ұсынылады.
Жәрмеңкеге облыстың Семей, Өскемен қалалары және Абай, Аягөз, Бесқарағай, Бородулиха, Зырян, Глубокое, Зайсан, Жарма, Тарбағатай, Күршім, Көкпекті, Шемонаиха, Катонқарағай, Ұлан, Үржар аудандарының ауылшаруашылығы тауар өндірушілері қатысады .
Жәрмеңке өткізу кезінде 45 шатыр орнатылып, 50 сауда орындары ұйымдастырылады.
Жәрмеңкенің өтетін орын: Мұңайтпасов көшесі 9, «Қазақстан» спорткомплексі.
Сатылымға келесі өнімдердің түрлері: бал және ара өнімдері, күнбағыс майы, қарақұмық жармасы, бұрыш, жылқы еті, сүт өнімдерінің түрлері (сүзбе, ірімшік, қаймақ, сүт қышқылды өнімдер), шұжық өнімдері, балық, панты өнімдері, бақша өнімдері және картоп, қырыққабақ, сәбіз және әртүрлі ұлттық тағамдар: қымыз, тары, құрт ұсынылады. .
Жәрмеңке аясында елорда тұрғындарына 35 тонна бал, 6 тонна шұжық өнімдері, 11 тонна сүт өнімдері, 13 тонна күнбағыс майы, 8 тонна жарма, 45тонна жылқы еті, 10 тонна қымыз және ұлттық тағамдар, панты өнімдері, 200 тоннаға жуық көкөніс өнімдері, картоп жіне тағы басқалар ұсынылады.
Барлығы 210 млн. теңгеге, көлемі 300 тонна ауыл шаруашылық өнімдері сатылады.
Өнімдер Астана қаласының базар бағасынан 15-20 пайызға төмен бағамен сатылады.