Қарағайлы шағын ауданында элиталық баспаналар бой көтереді

Дүйсенбі, 25 Ақпан 2019 12:22

Қарағайлы шағын ауданы қарқынды құрылыс алаңына айналды. Биылғы жылдың өзіңде 12 көпқабатты тұрғын үй тұрғызылмақ. Олардың арасында элиталық баспаналар да бар. «Абай Арена» мәдени-спорт кешенінің екі жағынан ерекше қасбеті бар алты үй салынады.

-Үйлер 16 қабатты болады, - деп мәлімдеді қаланың бас сәулетшісі Бахтияр Сәлімов. Көп қабатты үйлер өзара симетрия құрып «Абай арена» спорт кешенін айшықтайтын болады.
Элиталық баспаналар басқа үйлерден жайлылық деңгейімен және ғимараттың сыртқы әрлеуімен ерекшеленетін болады.
Болашақ көпқабатты үйде жалпы аумағы 15 мың шаршы метрді құрайтын 81 пәтер орналаспақ. Құрылыс жұмыстары биыл бастау алады.
Айта кету керек, Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов жаңа шағын аудандағы құрылыс барысын өз бақылауында ұстайды.
Семей ақпараттық орталығы Фото: Семей ақпараттық орталығы