Семейде Наурыз мерекесіне орай 5 мыңға жуық бауырсақ пісірілді

Жұма, 22 Наурыз 2019 19:45

Семей халқы Наурыз мерекесін кеңінен атап өтуде. Мерекелік іс-шаралар қаланың бес бірдей алаңында өтіп, 20-ға жуық киіз үй орнатылды.

- Жаңару мен жасампаздық бастауы, ырыс пен ынтымақтың арқауы болған Наурыз мерекесі баршамызға құтты болсын! Дана халқымыз бұл күні бір-біріне амандық тілеп, келер күнге зор үміт артқан. Жаңа күн елімізге тек жақсылық әкелсін, - деді қала әкімі Ермак Сәлімов.
Көктем мерекесі көркем ұжымдар дайындаған мерекелік концертпен басталды. Өнер ұжымдары өздерінің үздік нөмірлерін орындап, қазақ халқының салт-дәстүрлерін көрсетті. Қала тұрғындары қойылым барысында бүркітшілер мен аңшылардың өнерің тамашалай алды.
Мереке барысында қала тұрғындары Наурыз көжеден дәм татып, 5 мыңға жуық бауырсақ тегін таратылды. Үлкен көлемдегі ұлттық қазақ тағамын 150 әже әзірлеген.
Түрлі-түсті от шашу және Ринго тобының қатысуымен өтетін мерекелік концерт бүгінгі кештің нүктесін қоймақ.

Семей қаласының ақпараттық орталығы
Фото: Семей қаласының ақпараттық орталығы