Жұмыс жалғасуда

Жұма, 05 Сәуір 2019 15:30

Рухани келісім бойынша жұмыс сараптама тобының мүшелері көшпелі рейдпен Глубокое ауданының Предгорное кентіне барып қайтты.

Топтың жетекшісі Геннадий Пуссеп айтуынша, бұл рейдтке түрткі болған, Қоғамдық кеңес жанында ашылған Қоғамдық қабылдауға 2018 жылы түскен арыздардың орындалу нәтижесін тексеру болатын.

Рейд барысында аудан әкімінің орынбасары Елена Старенкова және Красноярка ауылдық округінің әкімі Олег Егоров жұмыс тобының мүшелерімен бірлесе тұрғындардың арыз-шағымдарын тыңдап, өз тарапынан шамасы келгенінше көмек көрсетуге уәде берді. Мысалға, өткен көктемде орын алған табиғи апаттың салдарынан үйлері зардап шеккен тұрғындарға қазіргі таңда аудан әкімдігі көмек беруге дайын, бірақ тұрғындар бұл сұрақта енжарлық танытпауы тиіс.

Іс-шара соңында жұмыс тобының мүшелері қоғамдық қабылдау ұйымдастырып тұрғындарды мазалап жүрген мәселелерді қағаз бетіне түртіп алды.