Шығысқазақстандықтар ҚР Президенттігіне кандидаттың қоғамдық қабылдауына өз ұсыныстарын жолдай алады

Жексенбі, 12 Мамыр 2019 15:41

Nur Otan партиясынан Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевтың Шығыс Қазақстанда облыстық қоғамдық қабылдауы өз жұмысын бастады.

Аймақ бойынша құрылған барлық 20 қоғамдық қабылдауда кандидаттың сенімді өкілдері күнделікті азаматтардың өтініштері мен ұсыныстарын қабылдап, тұрғындардың шағымдарын ескеретін болады.
Айта кетсек, Шығыс Қазақстанда 1облыстық,19 қала және аудандық штаб өз жұмысын бастады. Онда 700-ден астам қоғам белсенділері, қоғамда танымал әрі беделі жоғары азаматтар үгіт-насихат жұмыстарын жүргізуде.