350-ден астам шығысқазақстандықтар "Аулардан таза су айдыны" атты республикалық экологиялық акциясына қатысты

Сенбі, 17 Тамыз 2019 20:49

"Аулардан таза су айдыны" акциясы күні бойы еліміздің барлық өңірінде өтеді.

Шығыс Қазақстан облысында аталмыш акцияға 350 мыңнан астам адам қатысуда. Оның ішінде 50 волонтертбар. Акция аясында 50 өзен жағалаулары мен су қоймалары қоқыстан тазартылады.
- Тарбағатай ауданындағы 50 шақырымды құрайтын тереңдігі 15 метрге дейінгі жағалауды тазартуды жоспарлап отырмыз. Мұндай шараларды өткізу арқылы біз су қоймаларындағы санитарлық жағдайды жақсартамыз. Бұдан бөлек өзен жағалауларын қоқыстардан да тазартамыз. Шындығына келсек, өзендердің астын тазалау жұмыстары сирек жүргізіледі. Ал бұл өз кезегінде демалушылардың денсаулығына зиянын тигізетіні айдан анық. Сол себептен осы акцияның маңызы зор, - деді ШҚО орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы басшысының орынбасары Санақбек Кітапбаев.
Өңіріміздегі Зайсан өзені, Өскемен, Шүлбі су қоймалары, сондай-ақ Сасықкөл өзендеріне тазалық жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде судан 34,4 мың текше метр немесе 345 дана қоқыс шығарылды.
Аталмыщ акция еліміздің барлық жерінде ұйымдастырылуда. Ал қорытындысы 19 тамызда жарияланады.