ШҚО-да оқушылар үздік StartUp жобаларды қорғады

Сейсенбі, 15 Қазан 2019 21:00

«Цифрлы Шығыс – 2019» форумының аясында өңір мектептерінде білім алып жатқан оқушылар StartUp жобаларды қорғады. Форум ШҚО әкімдігінің инвестициялық орталығында өтті. Оған қатысушылар 15 үздік жобаны ұсынды.

Қазылар алқасының құрамында облыс әкімі аппаратының өкілдері, ЖОО мен өңірдегі ІТ-компаниялардың мамандары болды.
– Байқау жыл сайын дәстүрлі түрде ұйымдастырылып келеді. Мұнда IT-технология саласын жетік білетін балалар жиналды, – деді облыс әкімі аппараты басшысының орынбасары Марина Гагарина. – Өткен жылы StartUp-жобалар байқауына 10 мектептің оқушылары қатысты. Ал биыл олардың қатары екі есеге артты. Бұл қуантарлық көрсеткіш. Балалардың ұсынып отырған жобалары жан-жақты қамтылған. Оның ішінде білім беру, денсаулық сақтау, қауіпсіздік және ауыл шаруашылығы салаларына қатысты жобалар да бар. Мысалы, теңге алу, «Ақылды мектеп», сондай-ақ тасқынның алдын алу сынды қызықты жобаларды ұсынып, оны іске асыруды жоспарлап отыр.
Байқаудың қортындысы «Цифрлы Шығыс – 2019» IT-форумында жарияланатын болады.