ШҚО-ға жұмыс сапарымен Парламент Мәжілісінің Төрағасы Нұрлан Нығматулин келді

Жұма, 10 Қаңтар 2020 16:30

Алғашқы сапар жасаған қала Семей болды. Мұнда Парламент Мәжілісінің Төрағасы мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық - Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мұражайын аралады.

Абайдың әдеби-мемориалды мұражайы Қазақ КСР Халық Комиссарлар Кеңесінің 1940 жылғы 1 сәуірдегі қаулысымен ақынның 95 жылдық мерейтойы қарсаңында ұйымдастырылып, 16 қазанда келушілерге ашылды. Қазақстан тарихында бұл алғашқы әдеби-мемориалдық мұражай болып табылады. Қазіргі уақытта мұражай қорында 21 мыңнан астам экспонат бар. Мұражайда республикалық маңызы бар 5 тарих және мәдениет ескерткіші және 10 жергілікті маңызы бар ескерткіштер бар.
Қонақтар «Абай дәуірі», «Абайдың шығармашылық ортасы» және «Коненің көзі» залдарының экспозициясымен танысты, онда музей директоры сақталған құнды жәдігерлер туралы айтып берді. Мәселен, бұл жерде Абай 1885 жылы өзінің досы Н.Долгополовтың көмегімен Семейдегі тарихи-өлкетану мұражайына берген заттар жиналған: әртүрлі тұрмыстық заттар, жиһаздар, тіпті фотосуреттер де сақталған. Мысалы, қазақ шеберлері жасаған ерлердің аңшылық белдеуі, торсық, музыкалық аспаптар және басқалары. Мұражай залдарының бірінде 1896 жылы түсірілген Абай өз ұлдарымен Ақылбай мен Тұрағұлмен бірге түскен суретін көруге болады, оны мұражайға тапсырған Мұхтар Әуезовтің өзі болған. Көрмеге сол кездегі көліктер де қойылған. Сонымен, залдардың бірінде келушілер Жидебайда сақталған Абайдың пәуескесінің көшірмесін көре алады. Ол 1995 жылы ұлы ақынның 150 жылдығына арнайы жасалған.
Мұражайдағы негізгі жәдігерлердің бірі - Абайдың екінші әйелі Әйгерімнің Батет Әзімханқызына сыйға тартылған қобдишасы. Мұражай қорына оны Шәкәрім қажының көзін көрген Кенжетілеу Доланбекұлының баласы Айдар тапсырған. Бұл қобдиша 2017 жылдан бастап музей қорында сақтаулы.
Экскурсия соңында Парламент Мәжілісінің Төрағасы музей қызметкерлеріне қажырлы еңбектері үшін алғыс білдірді және жұмыстарына одан әрі табыс тіледі.
Абайдың 175 жылдығын мерекелеу қарсаңында Парламент Мәжілісінің Төрағасы ұлы ақынның туған жерімен жақынырақ танысуға және оның шығармашылығының рухымен үйлесуге бел буды. Бұған дейін Нұрлан Нығматулин тіпті Абайдың 175 жылдығына арналған шақыруды қолдап, Қазақстан Республикасының халық әртісі Бибігүл Төлегеновадан поэтикалық эстафетаны алып, «Жүрек – теңіз, қызықтың бәрі – асыл тас» өлеңін орындады.
Сонымен бәрге, Семейге жұмыс сапары барысында келген Нұрлан Нығматулин Қарағайлы шағын ауданындағы көпфункционалды мәдени-спорт кешенінің жұмысымен танысты. Оның салтанатты ашылуы Тәуелсіздік күні қарсаңында өтті. Барлық халықаралық стандарттарға сай салынған кешен түрлі спорт түрлерінен жарыстар өткізуге мүмкіндік береді. Бассейн турнирлерге, жүзу сабақтарына, аква аэробикамен айналысу үшін, су полосы және сүңгуіруге, суда жүзуге жіне демалуға арналған. Спорт ғимаратының жалпы ауданы 33,8 мың шаршы метрді құрайды. Үлкен кешеннің құрылысын Семей қаласындағы «Фирма Азия» ЖШС отандық компания жүргізді. Жобаның жалпы құны - 26 миллиард теңге. Нұрлан Нығматулин бұл кешен барлық халықаралық стандарттарға сәйкес келетіндігін және әртүрлі маңызды іс-шаралар мен бос уақытты бүкіл отбасымен өткізуге мүмкіндік беретінін атап өтті. Парламент Мәжілісі спикерінің сапары Семей қаласының жедел медициналық жәрдем ауруханасында медицина жұртшылығымен кездесумен жалғасты.