ШҚО: қатым түсіріп, ас беруге уақытша тыйым салынды

Бейсенбі, 19 Наурыз 2020 19:24

Елімізде жарияланған төтенше жағдайға байланысты қайтыс болған адамның жаназасы үйден шығарылады. Бұдан бөлек қатым түсіріп, ас беруге уақытша тыйым салынды. ШҚО ақпараттық орталығында өткен брифингке қатысқан облыстық дін істері басқармасының басшысы Ануар Абдулдин осылай деді.

- Мешіттер мен шіркеулерге баруға ешқандай шектеу қойылған жоқ. Дегенменде әр адам жеке басының қауіпсіздігі үшін көпшілік қауым жиналған жерде жүрмеуге тырысуы керек, - деді Ануар Абдулдин.
Брифинг барысында басқарма басшысы коронавирустық инфекцияның алдын алу мақсатында барлық діни орында дезинфекциялау жұмыстары жүргізіліп жатқанын атап өтті.
- Коронавирустық инфекциядан сақтану үшін әр адам жеке бас тазалығын сақтауы керек, - деді Ануар Абдулдин.