"Жастар бастамаларын қолдау" облыстық шағын гранттар конкурсының басталуы туралы хабарландыру

Бейсенбі, 09 Қыркүйек 2021 09:41

"Антарес А" Қоғамдық Қоры "ШҚО ішкі саясат басқармасы" ММ Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысын жүзеге асыру аясында.
Әрбір грантқа 400 000 теңге сомасына 5 грант берілетін болады.

 

Грантты тағайындаудың мақсаты Шығыс Қазақстан облысы жастарының белсенді шығармашыл жастар қауымдастығын қалыптастыруға бағытталған жаңа және қолданыстағы бастамаларын мемлекеттік қолдау болып табылады.
Конкурсқа қатысу үшін ШҚО аумағында құрылған және өз қызметін жүзеге асыратын бастамашыл топтар түріндегі жеке тұлғалар (кемінде 3 адам), сондай-ақ заңды тұлғалар - тіркелген жастардың үкіметтік емес ұйымдары шақырылады. Жасы конкурстық өтінімдерді қабылдау аяқталған сәтте 18 жастан кіші емес және 29 жастан үлкен емес болуы керек.
Гранттар ҚР азаматтарына келесі бағыттар бойынша жаңа идеялар мен бастамаларды іске асыру үшін конкурстық негізде беріледі:
- білім, ғылым, ақпарат;
- дене шынықтыру және спорт;
- азаматтардың денсаулығын сақтау, салауатты өмір салтын насихаттау;
- экология, қоршаған ортаны қорғау;
- отбасылық-демографиялық және гендерлік мәселелерді шешуге жәрдемдесу;
- халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдау;
- азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын, заңды мүдделерін қорғау;
- мәдениет пен өнерді дамыту;
- елді мекендердің инфрақұрылымы, урбанистика және қалалардың дамуы.
Үміткерлердің конкурстық өтінімдері ағымдағы жылдың 20 қыркүйегіне дейін This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. электрондық поштасына pdf және word форматтарында қабылданады. Байланыс телефондары: 8 (776) 494-85-85; 8 (7232) 40-11-56
Конкурстық өтінімдер мемлекеттік немесе орыс тілдерінде қабылданады және мына ақпараттарды қамтуы керек:
1. жобаның сипаттамасы;
2. шығындар сметасының жобасы;
3. зияткерлік меншік туралы мәліметтер (бар болса).
Толық ақпарат ("Жастар бастамаларын қолдау" облыстық шағын гранттар конкурсын өткізу туралы ереже) мына сайтта қолжетімді: https://drive.google.com/drive/folders/14hVyCd_3UvDPlIZaf-CV4UrWTp2UmmCX?usp=sharing