Инновациялық белсенділік деңгейі бойынша Шығыс Қазақстан елімізде көш бастап тұр. Өткен жылғы қортынды бойынша көрсеткіш 15,5 пайызды (еліміз бойынша 10,6 пайыз) құрап отыр. Бұл жөнінде ШҚО ақпараттық орталығында өткен брифинг барысында ШҚО кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы Ержан Шұрманов мәлім етті.

Бүгін Шығыс Қазақстан басшысының өкімімен Шәкәрім Бұқтығұтов облыс әкімінің орынбасары қызметіне тағайындалды. Бұған дейін ол "ШҚО өңірлік мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығы" АҚ Басқарма төрағасы қызметін атқарды.

Еріктілер жылына орай Шығыс Қазақстан облысында «Ауылдағы жаз» жобасы іске асып, жазғы демалыста кәсіби жаттықтырушылар ауылдарға барып, балаларды жаттықтырмақ.

Келер жылы Тарбағатай ауданының Тұғыл ауылында Дене шынықтыру және сауықтыру кешенінің құрылысы басталмақ.