Дәстүрлі Ақсуат айтысының биылғы стипендиясы баянауылдың жарық жұлдызы Аспанбек Шұғатаевқа бұйырды. Ол енді жыл бойы айтыс демеушісінен ай сайын 200 мың теңге шәкіртақы алып отырады.

ШҚО Ақсуат ауылында Елбасының «Ұлы даланың жеті» қыры мақаласы аясында өткен халықаралалық ат бәйгесі алыс-жақын елді таңдай қақтырды. Нөсерлеп жауған жауынға қарамастан, бәйгеге қойылған жүйріктердің нағыз мықтысы анықталды.

ШҚО-да тұңғыш рет өткізілген 140 шақырымдық ат бәйгесі өз мәресіне жетті. Ат жарысы үшкіндік "Тұғыры биік Тарбағатай" өнер мен спорт фестивалі аясында өтті.

Маусымның ашылуы Ұлан ауданы Сібе көлінде өтті. Сібе көлдері– тау қатпарларында бес көлдің тоғысқан жері, Шығыс өңіріндегі тұмса табиғаттың әсем көрінісі. Аудандағы туризмнің дамуы «100 нақты қадам» Ұлт жоспары негізінде жүзеге асырылып келеді. Екі жыл бұрын Шалқар көлінде (Сібе көлдерінің тобына енген үшінші көл) облыс тұрғындары мен туристерінің сүйікті демалыс орнына айналған «Sibiny» family resort» муниципалды жағажайы ашылған болатын.