Елімізде жарияланған төтенше жағдайға қарамастан Шығыс Қазақстандағы барлық сауда нысаны дезинфекциялық режимді сақтай отырып, жұмыс істейтін болады. Мұндағы басты мақсат - тұрғындарды азық-түлікпен қамтамасыз ету. Бұл туралы ШҚО ақпараттық орталығында өткен брифинг барысында кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасының басшысы Ержан Шорманов мәлім етті.

Шығыс Қазақстанда 20 ақпаннан бастап А-санатты шет мемлекеттерден келген 79 азаматтың 65-і карантиннен шығарылды. Ал қалғаны бақылауда жатыр. Б-санатты елдерден келген 8 адам үйдегі карантинде отыр.

Елімізде жарияланған төтенше жағдайға байланысты Шығыс Қазақстандағы барлық мәдени ошақтардың жұмысына бірқатар өзгерістер енгізілді. Соған орай облыс көлемінде концерттер, конференциялар, семинарлар, көрмелер мен дөңгелек үстелдер сынды тағы да басқа шаралар уақытша ұйымдастырылмайды. Ал жоспарланған бұқаралық шаралар кейінге қалдырылды. Бұл туралы облыстық мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы басшысының міндетін атқарушы Раушан Нұрмаханова ШҚО ақпараттық орталығында өткен брифингте мәлім етті.

Шығыс Қазақстанда Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес коронавирустық инфекцияның алдын алу үшін тиісті шаралар қабылданды. Бұл туралы облыстық білім басқармасының басшысы Сайрангүл Жұмаділова өңірлік комуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлім етті.