Әлемнің 63 мемлекетінен келген 1300-ден астам қатысушы жеңісті қолдан бермес үшін күресті. Нәтижесінде Семейдегі электротехникалық колледждің студенті Әли Әскерханов Juniorskills WordSkills Kazan 2019 чемпионатында "Пилотсыз авиациялық жүйені басқару" аталымын ұтып алды. Ал Семейдегі электротехникалық колледждің студенттері Исажан Раисов пен Александр Бетцольд байқауда мехатрониканы жетік меңгергендерін көрсетіп, "Medallion for Excellence” және “Best of national” медалімен марапатталды.

Жаңа оқу жылы басталардың алдында елімізде жыл сайын дәстүрлі түрде білім саласының қызметкерлері бас қосып, тамыз конференциясын өткізеді. Онда өңіріміздегі білім жүйесінің өткен оқу жылының қорытындылары айтылып және келешектері белгіленеді.

Ғибратты ғұмыры ғасырға аттап, өмір белесінің ең биік заңғарына шыққан Өскемен қаласының тұрғыны, тыл еңбеккері, көпбалалы ана Гүлжазира Нұрсапарқызын бүгін аймақ басшысы мерейлі мерейтойымен құттықтады. Ақ жаулық жауып, ізгі тілегін жолдады.

"Аулардан таза су айдыны" акциясы күні бойы еліміздің барлық өңірінде өтеді.