Өскеменде АвтоЦОНның есігін ешкім бұзып кірген жоқ. Әлеуметтік желілерде таратылған бейнежазбаны халық дұрыс түсінбей қалған. Бұл туралы ШҚО-дағы Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі департамені басшысының орынбасары Қайрат Сапарғалиев мәлім етті.

BBC арнасының түсірілім тобы Шығыс Қазақстанға келіп, мұндағы әсем табиғатты бейнероликке түсіріп жатыр. Түсірілім жұмыстары 12 тамызға дейін жалғасын таппақ.

Бүгін Шығыс Қазақстан облысында екінші мәрте #Birge #TazaQazaqstan атты экологиялық акция ұйымдастырылды.

Шілде айының 27-сі күні сағат 10.00-де Шығыс Қазақстандағы 19 қала мен ауданда бір мезетте #Birge #TazaQazaqstan атты экологиялық акция бастау алды. Оған аймақтағы 33 мыңнан астам тұрғын жиналып, демалыс орындарының аумағын қоқыстан тазартуға қатысты. Сөйтіп, бірнеше сағаттың ішінде 800 тоннадан немесе 3206 текше метрден астам қоқыс жиналып, аралдар мен саябақтар, өзен жағалаулары, қазаншұңқырлар (котлован), сондай-ақ Полковничий мен Комсомол аралдары, Үлбі жағалауы қалпына келтірілді.