Шығысқазақстандықтар #Birge #TazaQazaqstan акциясына 27 шілде күні сағат 10.00-де шығады. Бір мезетте 19 қалалар мен аудандардың тұрғындары аралдарды, саябақтар мен өзен жағалауларын, сондай-ақ қазаншұңқырларды қоқыстан тазартпақ. Оның ішінде Комсомол мен Полковничий аралдары, сондай-ақ Үлбі өзенінің жағалауы да бар.

Өскемендегі көп жылдан бері қараусыз, иен жатқан аумақта жаңа спорттық-табиғи-экологиялық саябақ бой көтерді.

ШҚО Тарбағатай ауданында "Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында «Тұғыры биік Тарбағатай» халықаралық спорт пен өнер фестивалі өтті.

Дәстүрлі Ақсуат айтысының биылғы стипендиясы баянауылдың жарық жұлдызы Аспанбек Шұғатаевқа бұйырды. Ол енді жыл бойы айтыс демеушісінен ай сайын 200 мың теңге шәкіртақы алып отырады.