Ырғызбай Досханаұлының туған жерінде өтіп жатқан «Тұғыры биік Тарбағатай» халықаралық фестивалі әлемнің әр түкпірінен келген спортшылар мен тіл жүйріктерінің басын қосты. 14 маусым күні ШҚО әкімі Даниал Ахметов Тарбағатай ауданына келіп, облыс ақсақалдарымен кездесті. Фестиваль аясында үшінші облыстық ақсақалдар форумы өтті. Аймағымыздың барлық аудан мен қалаларынан 50 ақсақал келіп, жастар тәрбиесі мен қазақ елінің салт-дәстүрін дәріптеу сұрақтарын талқылады.

Медицина қызметкерлері күні қарсаңында Өскемен қаласында облыстың денсаулық сақтау саласының мамандарына арналған салтанатты шара өтті. Шара барысында саланың бірқатар мамандарына ШҚО әкімінің арнайы марапаттау қағазы, пәтер кілттері, ақшалай және тұрғын үй сертификаттары табысталып, ыстық ықыласқа бөленді.

Халықаралық «Тұғыры биік Тарбағатай» фестивалі 14-16 маусым аралығында Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданында өтеді.

"Ақ тай" мүмкіндігі шектеулі балаларды қорғайтын қоры 2010 жылдан бері иппотерапиямен емдеуді қолға алып отыр.