Шығыс Қазақстанның әсем табиғаты аясында он күннен астам әлемнің әр түкпірінен келген қылқалам шеберлері «Ұлы дала палитрасы» атты халықаралық суретшілер плэнері аясында көркем жұмыстарын жазды.

2019 жылғы 15 маусым күні «Сібе» көліндегі жағажай маусымының салтанатты ашылуы өткізіледі.

Бұл жерде жартас суреттері мен петроглифтері бар алаптарымен атақты Ақбауыр шатқалының бірегей табиғи ландшафтары аясында Зейнолла Самашев соңғы қола дәуіріндегі және ерте темір дәуіріндегі қоныс қалдықтарын тапты. Соңғы факт ерекше қызығушылық тудырады, өйткені Қазақстан аумағындағы сақтардың отырықшы қоныстары өте аз зерттелген, ал елдің шығысында бұл алғаш рет ашылып отыр. Бұл жағдай ежелгі сақ халықтарының экономикасы мен қоғамдық құрылымын жаңаша зерделеу тәсілдерін ашады, өйткені Дала кеңістігінің ертедегі көшпенділерінің тек көшпенді салт-ғұрпы жайындағы пікір әрдайым басым болатын. Атауы Ақбауыр-1 аталған елді мекеніндегі көп мөлшерде дәнүккіштердің, ою-өрнексіз керамикалардың, қайрақ тастардың, жылқы, қой, ешкі сүйектерінің көп мөлшерде табылуы осы ескерткішті қалдырған адамдар шаруашылығының кешенді сипатын айқын дәлелдейді. Жұмыс жетекшісі, профессор Зейнолла Самашев атқандай, бұл ескерткіштің шамамен уақыты б.з.д. XI - IX ғғ.

Жыл сайын 31 мамырда Қазақстанда депортация, саяси қуғын-сүргін  мен жаппай аштық жылдарында жазықсыз жапа шеккендерді еске алады.