ШҚО ақпараттық орталығында коронавирус инфекциясының алдын алу шараларын күшейтуге байланысты брифинг өтті. Оған облыс әкімінің орынбасары Әлішер Мархабат қатысып, осы бағытта атқарылып жатқан жұмыстардың барысына тоқталып, БАҚ өкілдерінің сұрақтарына жауап берді.

Өскемендегі А. Пушкин атындағы облыстық кітапханада «Бала асырап алу жөніндегі ұлттық агенттік» жобасының жетекшісі Ляззат Жүсіповамен кездесу өтті. Басқосу барысында «Неке және отбасы туралы» кодекске енгізілген бірқатар өзгертулер талқыланып, бала асырап алу үшін сертификатты қалай алу қажеттігі кеңінен түсіндірілді.

«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру аясында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мемлекеттік аппараттың ашықтығы мен тұтынушыға бағдарлануын арттыру бойынша айтарлықтай жұмыстар жүргізуде. Бұл туралы бүгін брифингте Агенттіктің Серіктестік департаментінің директоры Расул Медетов айтып өтті.

Облыс әкімдігінде өткен жиын барысында Шығыс Қазақстан облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Бауыржан Құдияров «Нұрлы жер», «Бақытты отбасы» бағдарламалары мен «7-20-25» бағдарламасы бойынша ипотекалық несиелендіру жүйесі өңірде қалай жүзеге асырылып жатқанын мәлім етті.