КОМПАНИЯ ТУРАЛЫ

2015 жылға арналған "ШҚО талдау және болжау институты" ЖШС құрылымының сызбасы

Қазақстан Республикасында үздіксіз болып жатқан демократияландыру процесі  үнемі билік алдында да, халық алдында да қоғамдық – саяси процестің айқындылығын, ашықтығын қалыптастырып отырады. Талдау және болжау институты басқарма органдары мен азаматтық қоғамның өзара әрекеттесуінің жігі болғандықтан, мемлекеттің негізгі даму үрдісін байқай алатын икемді құрылым болып табылады.

Өңірдегі қоғамдық – саяси жағдай жайлы хабардар болу үшін, Талдау және болжау институтының қызметкерлері жағдайды бақылауға алуға және мәселелердің туындауын анықтауға мүмкіндік беретін шаралар жүйесін жетілдіреді. Талдау және болжау институты ШҚО ішкі саясат басқармасы департаментінің нәтижелі жұмысының тікелей индекаторы болып табылады.

Бүгінде Талдау және болжау институты келесідей салаларда өз қызметін сәтті жүзеге асыруда:

  • Жергілікті атқарушы биліктің ШҚО тұрғындарымен қоғамдық – саяси, ақпараттық – сараптамалық және әлеуметтік жұмыстарының сапалы жүйесі мен практикалық бағытын арттыру;
  • Әлеуметтік, экономикалық, саяси және өзге де ғылыми зерттеулер жүргізу және практикалық ұсыныстар әзірлеу;
  • Билік пен азаматтық қоғам институттарының өзара қимылының нақты механизмі мен жағдай жасау (ҮЕҰ, БАҚ, білім беру мекемелері, бизнес-құрылымдар);
  • ШҚО-дағы ақпараттық – ағартушылық, мәдени, әлеуметтік және қайырымдылық жұмыстарын өткізетін ұйымдастырушыларды әдістемелік көмекпен қамтамасыз ету;
  • Сайлау компанияларының имидждік акцияларын, тренингтер мен семинарларды ұйымдастырып, әзірлеу (PR-қызмет көрсету);
  • БАҚ және жарнама саласындағы қызметтер;
  • Баспасөз қызметі.

Алға қойған міндеттерін нәтижелі жүзеге асыруы үшін Талдау және болжау институты заманауй техникамен жабдықталған. Баспасөз конференциясы мен тренингтер өткізуге арналған зал қажетті құралдармен жабдықталып, конференц жүйесі, презентация көрсетуге арналған құралдар орнатылған – орталық экранға жалғасқан 10 синхрондық монитор бар.