ШҚО ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСТІҢ ЖҰМЫС ТОПТАРЫ

ШҚО қоғамдық Кеңесінің ТҮКШ бойынша жұмысшы сараптамалық тобы

 

Мақсаты: Жұмыс тобының мақсаты 2020 ж. дейінгі Бағдарламада анықталған мақсаттарға қол жеткізу үшін, ҚР Үкіметімен жасалған, Қазақстандағы тұрғын үйді жаңғырту бағдарламасын бірлесе қарастыру және танысу болып табылады.

Міндеті: Мемлекеттік билік органдарымен, профилді ведомствалармен, және де қызығушылық білдірген тұлғалармен әрекеттесе отырып, нақты әлеуметтік маңызды мәселелерді шешу; ТҮКШ саласындағы әрекет ететін ҚР Заңнамасына ұсыныстарды енгізу үшін дәйектемелер дайындау.

 

ШҚО қоғамдық Кеңесінің денсаулық сақтау бойынша жұмысшы сараптамалық тобы

 

Жұмыс тобының мақсаты: ҚР денсаулық сақтау Министрлігімен құрастырылған «Саламатты Қазақстан» атты Қазақстандағы денсаулық сақтау бағдарламасының жүзеге асырылуына жәрдемдесу болып табылады.

Жұмыс тобының міндетті: Денсаулық сақтау саласындағы нақты әлеуметтік маңызды мәселелерді халықпен, мемлекеттік билік органдарымен, бейінді мекемелермен, және де қызығушылық білдірген адамдармен әрекеттесу арқылы шешу.

 

ШҚО қоғамдық Кеңесінің экология сұрақтары бойынша жұмысшы сараптамалық тобы

 

Қызметінің негізгі бағыттары:

  • Қоршаған ортаға зиянды заттардың шығарылуын азайту үшін жаңа тиімді әдістер мен технологияларды қолдану.
  • ИСО 14001 халықаралық экологиялық менеджменті жүйесі және экология саласындағы басқа да ҚР заңнамалық актісінің негізінде Экологиялық Кодекстің шарттарын орындау бойынша мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдардың қызметін үйлестіру.
  • ШҚО экожүйесінің жағдайын болжау, қоршаған ортаға зиянды әсерін төмендету үшін табиғат пайдаланушылардың өткізетін табиғатты қорғау шараларының нәтижелігін жоғарылату.
  • Өңірлік Автоматтандырылған Өлшеу Жүйесін жетілдіру аясында қоршаған ортаның жүйелік мониторингісін ұйымдастыру.
  • Өскемен қ. он – лайн тәртібінде өнеркәсіптік-экологиялық мониторингі (ӨЭМӨАӨЖ).

 

ШҚО қоғамдық Кеңесінің тұрақты даму бойынша жұмысшы сараптамалық тобы

 

ШҚО Қоғамдық кеңестің тұрақты даму бойынша жұмыс тобы жергілікті бірлестіктердің қажеттіліктері негізінде Шығыс Қазақстан облысының тұрақты даму мәселесі бойынша шешім қабылдау үрдісіне жұртшылықтың қатысуын қамтамассыз ету үшін құрылған.

Жұмыс тобының міндеті:

  • өңірдегі әлеуметтік инвестициялық жобаларды жасау мен қабылдау үрдісінің айқындылығын жоғарылату, мемлекеттік – жеке меншік серіктестік аясында жүзеге асырылып жатқан, өңірдің әлеуметтік – экономикалық даму бағдарламалары;
  • әлеуметтік инвестициялық жобаларды дайындау кезінде азаматтардың қажеттіліктерін қамтамассыз ету;
  • әлеуметтік жобаларды таңдауда жұртшылықтың қатысу механизмін дайындау.

Топтың құрамына қоғамдық ұйымдардың, мемлекеттік органдардың және облыстағы өнеркәсіптік кәсіпорындардың өкілдері кіреді.

 

ШҚО қоғамдық Кеңесінің жастар саясатының сұрақтары бойынша жұмысшы сараптамалық тобы

 

Жұмыс тобының негізгі мақсаты жастар саясаты аясында әрекет ететін заңнаманың ресми түрде айтылуын төмендету, жастардың кепілділігін және құқықтарын жүзеге асыруда нақты механизмдер жасау.