Пайдалы Кеңес

 

ШҚО әкімдігіне қарасты Қоғамдық Кеңесінің логотипі

Қоғамдық кеңес Шығыс Қазақстан облысында 2006 жылдың 1 наурызында құрылған. Оның құрылуы – азаматтық жауапкершіліктің және қоғам өкілдерінің саяси мәдениеті деңгейінің артуына айғақ болады.

2015 жылдың 2 қарашасында Қоғамдық Кеңестердің ролін айқындап берген Қазақстан Республикасының «Қоғамдық кеңестер туралы» Заңы қабылданды. 

 

Қоғамдық кеңес төмендегілерді қамтамасыз етеді:

1) азаматтық қоғам мүдделерін білдіруді және республикалық және жергілікті деңгейлерде шешімдерді талқылау және қабылдау кезінде қоғамның пікірін ескеруді;

2) орталық және жергілікті атқарушы органдардың және жергілікті өзін-өзі басқару органдарының азаматтық қоғаммен өзара іс-қимылын дамытуды;

3) қоғамдық бақылауды ұйымдастыру және орталық және жергілікті атқарушы органдары және жергілікті өзін-өзі басқару органдары қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету.

 

Сонымен қатар, Кеңес азаматтық бастамаларды, азаматтардың мүдделері мен құқықтарын аса өткір қозғайтын мәселелер мен сұрақтарды талдау және жинақтау негізінде басқарушы кадрлардың өңірдегі ахуалға жауапкершілігін арттыру және бақылау мәселелерінде  көмектеседі.

Қазіргі уақытта Қоғамдық кеңес жанынан құрылған ТҮКШ, экология, денсаулық сақтау, өңірдің тұрақты дамуы және т.б. мәселелері бойынша сарапшылар жұмыс топтары жұмыстарын белсенді түрде жүргізіп отыр.

Сарапшылар жұмыс топтарының отырыстарында құзырлы тұлғалардың қатысуымен жоғарыда аталған салалардың аса көкейтесті мәселелері қаралады. Әрбір отырыстың қорытындысы бойынша ұсыныстар айтылып, ұсынымдар жасалады, олар басқарушылық шешім қабылдау үшін тиісті атқарушы билік органдарына жіберіледі. 

 

 

ШҚО Қоғамдық кеңесі қызметінің бағыттары бойынша комиссиялар

 

1.   БЮДЖЕТ, ЭКОНОМИКАЛЫҚ РЕФОРМАЛАР, тҮКШ ЖӘНЕ АЙМАҚТЫҚ ДАМУ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША КОМИССИЯ

 

КОМИССИЯ ТӨРАҒАСЫ Шерубаев Айтқазы Сейітұлы - Облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы.

         КОМИССИЯ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ – Чернышов Олег Владимирович - «ШҚО Қазақстанның Азаматтық Альянсы» заңды тұлғалар бірлестігінің Шығыс Қазақстан филиалының төрағасы.

         КОМИССИЯ МҮШЕЛЕРІ:

- Әділбаев Жұмаділ Әділбайұлы - Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан Журналистер одағының Шығыс Қазақстан облыстық филиалының төрағасы;

- Әшімов Жаңабай Әшімұлы - Шығыс Қазақстан облыстық ақсақалдар Кеңесінің төрағасы;

- Гречушникова Лариса Александровна - Зырян аудандық мәслихатының хатшысы.

 

2.   АГРОӨНДІРІСТІК КЕШЕН, ЭКОЛОГИЯ, ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ ЖӘНЕ ТАБИҒАТ ПАЙДАЛАНУ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША КОМИССИЯ

 

Комиссия төрағасы Акулов Владимир Иосифович - «Камышинское» шаруа қожалығының басшысы, Шемонаиха ауданы.

         КОМИССИЯ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ – Лукин Николай Александрович - «Семей Водоканал» МКК техникалық директоры.

         КОМИССИЯ МҮШЕЛЕРІ:

- Зайтенов Ерлан Әмірбекұлы - «Е.Зайтенов» шаруа қожалығының басшысы;

- Мұхтарханов Әнуарбек Мұхтарханұлы - «Нұр Отан» партиясының Шығыс Қазақстан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары;

3.   ӘЛЕУМЕТТІК-МӘДЕНИ ДАМУ ЖӘНЕ ҚОҒАМДЫҚ ҚАТЫНАСТАР МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША КОМИССИЯ

 

КОМИССИЯ ТӨРАҒАСЫ – Түсіпова Нұржан Құрмантайқызы - «Шығыс Қазақстан облысының кәсіподақ орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрайымы.

         КОМИССИЯ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ – Нусупова Әсем Бекқызы - Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары.

         КОМИССИЯ МҮШЕЛЕРІ:

- Кикина Марина Ивановна - Қазақстан-Америка еркін университетінің вице-президенті, Қазақстан-Америка еркін университеті колледжінің директоры;

- Ровнякова Ирина Владимировна - С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің тәрбие жұмысы бойынша проректоры

- Көшкінов Мерейғалы Қойшыбекұлы - «Шығыс Қазақстан облыстық мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебі» КММ директоры, Семей қаласы;

- Қазақпаев Дулат Төлегенұлы - Шығыс Қазақстан облысы Ішкі істер департаментінің жергілікті полиция қызметінің бастығы;

- Яковлев Александр Андреевич - «Шығыс Қазақстан облыстық славян мәдениеті қоғамының» төрағасы.

 

 


Толығырақ...

 

 

Абай ауданы

Аягөз ауданы

Бородулиха ауданы

Зайсан ауданы

Глубокое ауданы

Курчатов қ.

Курчум ауданы

Риддер қ.

Урджар ауданы

Улан ауданы